Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікті Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Коллаж суреттері Перизат Қайраттың инстаграм парақшасынан алынды:  Todayinfo.kz Қазақстанда белгілі қоғам қайраткері және волонтерлік қозғалыстың белсендісі Перизат Қайратқа қатысты қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу жұмыстары басталды. Қаржылық мониторинг агентт

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікті Перизат Қайрат туралы не белгілі?
Коллаж суреттері Перизат Қайраттың инстаграм парақшасынан алынды:  Todayinfo.kz Қазақстанда белгілі қоғам қайраткері және волонтерлік қозғалыстың белсендісі Перизат Қайратқа қатысты қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу жұмыстары басталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Перизат Қайрат көктемгі тасқыннан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, көптеген қазақстандықтар назар аударуда. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
 
View this post on Instagram
 

A post shared by Perizat Kairat (@01pk)

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат – әлеуметтік осал топтарға көмек көрсететін қоғам қайраткері әрі волонтер. Актөбеде туған, мектепті Ақтауда тәмамдап, Астанаға көшіп келген ол Ұлыбританияда Business Management мамандығы бойынша білім алған. 2020 жылы қоғамға көмек көрсету мақсатында қоғамдық қор құрған. Оның қоры көмекке мұқтаж жандарға, әлеуметтік аз қамтылған топтарға қолдау көрсетіп, төтенше жағдайларда көмектесуді көздеген.
 
View this post on Instagram
 

A post shared by Perizat Kairat (@01pk)

Волонтерлік қызметтегі алғашқы қадамдары

Перизаттың әлеуметтік желідегі жазбаларына сүйенсек, оның волонтерлік қызметке бет бұруы 2019 жылы болған автокөлік апатынан кейін басталған. Осы оқиғадан кейін ол өмірлік көзқарасын өзгертіп, адамдарға көмек көрсету жолын таңдағанын жазған. COVID-19 пандемиясы кезінде де Перизат мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізуге көмектесіп, волонтерлер қатарында белсенді қызмет атқарды.
 
View this post on Instagram
 

A post shared by Perizat Kairat (@01pk)

Қоғамдық жұмыстар және марапаттары

Перизат Қайрат тек қана волонтерлік қызметімен шектелмей, 2024 жылы Қазақстандағы пара үстел теннисі федерациясының президенті болып тағайындалған. Федерация өкілдері оның көшбасшылық қасиеттері мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуын атап өткен.
 
View this post on Instagram
 

A post shared by Perizat Kairat (@01pk)

Қаржы жымқыруға қатысты айыптаулар

2024 жылдың қараша айында Агенттік Перизат Қайраттың көктемгі тасқыннан зардап шеккендерге арналған қаражатты жеке мақсаттарға жұмсағанын мәлімдеді. Бұл қаражатқа қымбат көліктер, жылжымайтын мүлік пен сәнді әшекейлер сатып алынған болуы мүмкін деген күдік бар. Агенттік деректері бойынша, Перизат бірнеше мәрте Дубай, Доха, Лондон және Стамбулға барып, қымбат мейрамханалар мен сәнді дүкендерге қаражат жұмсаған. Қазіргі уақытта Перизат Қайрат тергеу жұмыстарын жүргізу үшін қамауға алынған. Қаржылық мониторинг агенттігі оның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды агенттікке хабарласуға шақырды.
 
View this post on Instagram
 

A post shared by Perizat Kairat (@01pk)

Related

1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікті Перизат Қайрат туралы не белгілі? · Todayinfo