«1,5 мыңнан аса салымшыдан 6,8 млрд теңге жинаған»: Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды
Фото: видео скриншот Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті тұтыну кооперативі түрінде жасырылған "ELL QUATY" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ұйымдастырушылар азаматтарды "HALYK QUATY" кооперативіне мүш

Фото: видео скриншот
Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті тұтыну кооперативі түрінде жасырылған "ELL QUATY" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылар азаматтарды "HALYK QUATY" кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендіріп, айлық жарналарды енгізуді ұсынған.
halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, "Әр отбасыға бақыт!" деген ұранды пайдаланып, "халықтық кооператив" деген жалған бейне қалыптастырған.
"HALYK" тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы "ELL QUATY" болып өзгертілген.
Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі маркетингтік акциялар өткізген, соның ішінде "Солнечная Турция" туристік жолдамаларын ұтысқа қойған.
Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына "QAZ INFO MARKET" ЖШС тіркеп, онда кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарған. Алайда бұл қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген.
Нәтижесінде пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 млрд теңге қаржы құйған.
Ұйымдастырушы қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Related

News
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді
Айғаным Нариманова·

News
Арыста 52 жастағы жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Айғаным Нариманова·

News
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Жаннұр Еділбаева·

News
В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца
Жаннұр Еділбаева·