17 жастағы қазақстандық шахматшы Торежан Сейдолла Dior брендімен Парижде жарқ етті
Қазақстандық 17 жастағы шахматшы Торежан Сейдолла өз талантымен тек шахмат тақтасында ғана емес, әлемдік сән сахнасында да көзге түсті. Ол Париждегі Ерлер сән апталығында аты аңызға айналған Dior француз брендінің атынан алғаш рет подиумға шықты,деп хабарлайды Todayinfo ақпаратты

Қазақстандық 17 жастағы шахматшы Торежан Сейдолла өз талантымен тек шахмат тақтасында ғана емес, әлемдік сән сахнасында да көзге түсті. Ол Париждегі Ерлер сән апталығында аты аңызға айналған Dior француз брендінің атынан алғаш рет подиумға шықты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Торежан - Орталық шахмат клубының жас дарынды ойыншысы. Оның сән индустриясындағы жарқ еткен қадамы халықаралық модельдік қауымдастықтың назарын аудартты. Соның нәтижесінде ол әлемдегі ең ірі модельдік агенттіктердің бірі -IMG Models-пен келісімшартқа қол қойды. Бұл қадам оған жаһандық модельдік мансаптың жаңа көкжиектерін ашты.
Сән әлеміндегі жетістіктеріне қарамастан, Торежан шахматтағы мақсатын жалғастыруда. Жақында ол үшінші разрядтан екіншіге көтеріліп, болашақта кәсіби деңгейге жетуді жоспарлап отыр. Жас шахматшы бос уақытында жаттығуларға қайта оралатынын атап өтті.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·