Todayinfo.kz
NewsView all articles

2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды

Фото: pixabay 2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл өсім 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген. 2026 жылы елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазір о

By Айғаным Нариманова··1 min read
2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды
Фото: pixabay 2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл өсім 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген. 2026 жылы елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазір ол 62 771 теңгеге жетті. Осылайша өсім 6 278 теңге болады. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемі де артып, 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін көтеріледі. Өсім көлемі – 3 236 теңге. 2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 104 645 теңге, ал ең жоғары зейнетақы 238 412 теңге болады. Айта кетейік, Қазақстанда зейнет жасына шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін сақталады. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткер саны 2 млн 516 мың адамға өскен.

Related

2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды · Todayinfo