Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

31 адам опат болды: Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты

Фото: Ашық дереккөз Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Қазақстан Президенті қастандық әр

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
31 адам опат болды: Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты
Фото: Ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Еске салайық, Пәкістан астанасы Исламабад қаласында жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болып, кемінде 31 адам қаза тауып, 169 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Reuters агенттігінің жазуынша, оқиға Хадиджа-тул-Кубра мешіті аумағында болған. Полиция мәліметінше, күдікті мешіттің кіреберісінде тоқтатылған сәтте жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Исламабад комиссарының орынбасары Ирфан Мемон жараланғандар саны әлі де нақтыланып жатқанын айтты. Зардап шеккендер қаладағы бірнеше медициналық мекемеге жеткізілген. Пәкістан билігі қаза тапқандардың отбасыларына және жарақат алған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Ал елдің сыртқы істер министрі Исхак Дар бұл оқиғаны «аса қатыгездікпен жасалған қылмыс» деп бағалады.

Related

31 адам опат болды: Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты · Todayinfo