Todayinfo.kz
NewsView all articles

«5% + 16% ҚҚС»: интернет—дүкендерден тауар сатып алу қымбаттады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда шетелден жасалатын интернет-сатып алуларды реттеудің жаңартылған тәртібін іске қосу жоспарлануда. ЕАЭО-ның Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер аясында олар жеке санатқа – электрондық сауда тауарлары ретінде бөлінеді, деп хабарлайды Toda

By Айғаным Нариманова··2 min read
«5% + 16% ҚҚС»: интернет—дүкендерден тауар сатып алу қымбаттады
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда шетелден жасалатын интернет-сатып алуларды реттеудің жаңартылған тәртібін іске қосу жоспарлануда. ЕАЭО-ның Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер аясында олар жеке санатқа – электрондық сауда тауарлары ретінде бөлінеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жаңашылдықтар және олардың интернет-тауарлардың құнына қалай әсер ететіні туралы Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер, салық кеңесшісі Раушан Тасшоинова түсіндіреді.
«Бұрын интернет-сатып алулар жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде қарастырылса, енді олар электрондық сауданың жеке тәртібіне бағынады.
Бұл ретте есептеу базасы өзгереді: бұрын баж салығы лимиттен асқан сомаға ғана есептелсе, енді төлемдер асқан бөлікке емес, тапсырыстың бүкіл кедендік құнына есептеледі. 31 кг салмақ лимиті алынып тасталады. Тағы бір маңызды жайт: егер тапсырыс құны 200 еуродан асса, 5% мөлшерлеме бойынша бірыңғай кедендік төлем (бірақ 1 кг үшін кемінде 1 еуро) қолданылады, сондай-ақ қосымша 16% ҚҚС есептеледі. Яғни бұрын сіз 400 еуроға тауар сатып алғанда, 200 еуро (асқан сома) үшін 15% төлейтін едіңіз. Енді формула мынадай болады: 400 еуроның 5% = 20 еуро 16% × 420 € = 67,2 еуро Жалпы төлем: 20 € + 67,2 € = 87,2 еуро. Бұл сатып алушы үшін нені білдіреді? Егер сіз арзан тауарларға тапсырыс берсеңіз, төлемдердегі айтарлықтай айырмашылықты сезбеуіңіз мүмкін. Алайда техника, жиһаз немесе басқа да қымбат тауарларды сатып алғанда, қосымша салық жүктемесін алдын ала ескерген жөн».

Related

«5% + 16% ҚҚС»: интернет—дүкендерден тауар сатып алу қымбаттады · Todayinfo