Todayinfo.kz
NewsView all articles

«500 күн өтсе де әділдікке қол жеткізе алмадым»: Алматыда 7-қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәрдің анасы Тоқаевтан көмек сұрайды

Өткен жылдың шілде айында 22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан құлап, қаза тапқан еді. Арада 1 жарым жыл өтсе де бұл іске қатысты тергеу әлі күнге дейін жалғасып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ақнәрдің анасы Гүлстан Хамито

By Айғаным Нариманова··1 min read
«500 күн өтсе де әділдікке қол жеткізе алмадым»: Алматыда 7-қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәрдің анасы Тоқаевтан көмек сұрайды
Өткен жылдың шілде айында 22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан құлап, қаза тапқан еді. Арада 1 жарым жыл өтсе де бұл іске қатысты тергеу әлі күнге дейін жалғасып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ақнәрдің анасы Гүлстан Хамитова істің қазір қалай жүріп жатқанын айтты. Сөзінше, Антикор істі тергеуді 25 тамызда бастаған.
“25 тамыздан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеуді бастады. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Сот-медициналық, психологиялық сараптама жүріп жатыр”, – дейді марқұмның анасы.
Десе де Гүлстан Хамит бұл істің 1 жарым жылдан бері әлі тергеліп жатқанына таңданысын білдірді.
“Бұл резонанс тудырып отырған іс. Оның талқыланып жатқанына да міне 7 ай болды. Үмітім мен күдігім 50-50. Істі Астанаға апарып, комиссия құрып, тағы тергесін деп шағым білдірдім. Себебі Алматы қалалық прокуратурасының табалдырығын тоздырып, жылап-еңіреп жүргеніме 1 жылдан асты. Бұл істен олардың хабары бар ғой. Неліктен тергеу аяқталмай жатыр”, – дейді Гүлстан Хамитова.
Марқұмның анасы құқық қорғау органы өкілдері тергеуді дұрыс жүргізбесе халықаралық ұйымдардан көмек сұрайтынын айтты. “Істе қанша ағаттық бар. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы, құқық қорғау органы өкілдері мен тергеушілер істі созып, мені шаршатқысы келетін шығар. Алайда мен шаршамаймын, соңына дейін барамын. Құқық қорғау органы өкілдері істің ақ-қарасын шеше алмаса Халықаралық ұйымдардан көмек сұраймын. Халықаралық сарапшыларды да шақыруға дайынмын”, – дейді марқұмның анасы. Тоқаевқа үндеу Марқұм Ақнәр Гүлстанның анасы әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтып, президент Тоқаевқа үндеу жолдады.
“Қызымның қайтыс болғанына тұп-тура бес жүз күн болды. Осы бес жүз күннен бері әлі әділдікке қол жеткізе алмай келе жатырмын. Үздіксіз шағымдануымның нәтижесінде іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеуіне берілді. Десе де әлі де толыққанды шешім шыққан жоқ. Менің жалғыз қызымды өлтіргендер жазаланбай жатыр. Бұл істі жабуға болмайды. Мемлекет басшысы араласып, әділ шешім шығаруға көмектеседі деп әлі де үміттенемін”, – деді қайғы жұтқан ана.
Гүлстан Қамит әділ шешім шығатынына үмітті екенін жеткізді.

Related

«500 күн өтсе де әділдікке қол жеткізе алмадым»: Алматыда 7-қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәрдің анасы Тоқаевтан көмек сұрайды · Todayinfo