56 адамның ағзасын заңсыз сатқан украиналық әйел Қазақстанға жеткізілді
Фото: видео скриншот Адам ағзасын саудалағаны үшін халықаралық іздеуде болған Украина азаматы Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Экстрадицияны Бас прокуратура және Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Сыртқы істер

Фото: видео скриншот
Адам ағзасын саудалағаны үшін халықаралық іздеуде болған Украина азаматы Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Экстрадицияны Бас прокуратура және Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асырды.
Мәліметке сәйкес, әйел 2017–2018 жылдары адам ағзасын заңсыз сатып алу және сатумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Ол донорлар мен алушыларды іздеп, кездесулер ұйымдастырған. Осылайша ағзаларды сатып алу мен трансплантациялауды қолдап, құпиялықты сақтауға көмектескен.
Қылмыстық топ мүшелері тірі адамдардың ағзасына қатысты 56 заңсыз мәміле ұйымдастырған. Тергеу және шетелдік дереккөздерге сәйкес, қылмыстық желі 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Таиландта жұмыс істеген. Заңсыз операциялар кезінде 56 жәбірленушінің бүйректері алынған. Олар кейін трансплантациялау үшін, Қазақстандағы медициналық мекемелерде пайдаланылған. Қылмыс жасағаннан кейін әйел қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, бес жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған. Ол 2020 жылдың 9 қарашасынан бері іздеуде болған.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·