"Бұзушылық дәлелденсе, кіріс тәркіленіп, жеке тұлғаларға – 200 АЕК, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 750 АЕК көлемінде айыппұл салынады", – делінген ресми хабарламада.Гүлеркем Ниязқұлова әлеуметтік желідегі парақшасында ұтыс билеттерін 100-1000 теңге аралығында сатқан. Ұтысқа алтын әшекейлер, қаракүзен тондар, қымбат көліктер мен пәтерлер қойылған. Сонымен қатар, блогер "SBG QURYLYS" ЖШС арқылы пәтер алушылар арасында арнайы ұтыс ұйымдастырған. Ол қатысушыларды шетелге жолдама, автокөлік, соңғы үлгідегі смартфондар ұтып алу үшін аталған компаниядан пәтер сатып алуға үгіттеген. Комитет бұл деректер расталған жағдайда құқық бұзушылық құрамын саралап, әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыратынын мәлімдеді. Блогер бұған дейін де заңсыз ұтыс ұйымдастырғаны үшін 1 107 600 теңге айыппұл төлеген болатын. Кейін «Azattyq Rýhy» порталы Гүлеркемнің ешқандай "Сәтті Жұлдыз" лотерея операторы-мен келісімшарт жасамағанын жазды. Бұл ақпараттан соң блогер Instagram-дағы парақшасын бұғаттап, барлық жазбаларын өшіріп тастаған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастыру үшін түсім көлемі 39,3 млн теңгеден асуы тиіс. Комитеттің мәліметінше, салық органдары тексеру жүргізіп жатыр. Егер салықтық тексеру актісі дайын болса, әкімшілік іс сотқа жолданады. Гүлеркем Ниязқұлованың Ақтауда 3 бөліктен тұратын тойхана ашуы да қоғамдық сынға ұшырады. Әлеуметтік желі қолданушылары: «Гивке қатысатын ақымақтардың ақшасына салған ғой», «Халықтың үмітін, арманын аяқасты етіп, өтірік лоторея ойнатып алған ақша», «Салық органдары мұндай ақшаның қайдан келіп жатқанын тексеруі керек», – деген пікірлерін білдіріп жатыр.
Абай Бегейдің қызы заңсыз ұтыс ойындары үшін тағы да жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Қазақстан Республикасының Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті блогер Гүлеркем Ниязқұлова тарапынан заңсыз ұтыс ойындарын қайта ұйымдастыру фактісіне қатысты тексеру жұмыстарын жалғастыруда,деп хабарлайды Todayinfo. Комитеттің мәліметінше, егер бұл әрекет бір жыл ішінде е

Қазақстан Республикасының Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті блогер Гүлеркем Ниязқұлова тарапынан заңсыз ұтыс ойындарын қайта ұйымдастыру фактісіне қатысты тексеру жұмыстарын жалғастыруда,деп хабарлайды Todayinfo.
Комитеттің мәліметінше, егер бұл әрекет бір жыл ішінде екінші рет қайталанса, ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабының 7-бөлігі бойынша қатаң жаза қарастырылады.
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·