Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Абай облысында тағы бір әскери қызметкер ажал құшты

Фото: abai.kz Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Айта кетерлігі, бұған дейін әлеуметтік желілерде Абай облысында әскери қызметкердің қаза болған

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Абай облысында тағы бір әскери қызметкер ажал құшты
Фото: abai.kz Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Айта кетерлігі, бұған дейін әлеуметтік желілерде Абай облысында әскери қызметкердің қаза болғаны туралы ақпарат тараған.
Бұл деректі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі растады. Хабарламада оқиғаның 6 наурыз күні болғаны айтылған.
"Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметкер өмірге қауіпті ауыр жарақат алып, көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза болған әскери қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті қолдау көрсетіледі", – делінген гарнизонның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Related

Абай облысында тағы бір әскери қызметкер ажал құшты · Todayinfo