Айта кетейік, өңірде әлеуметтік жобалармен қатар өндірістік және инфрақұрылымдық бағыттағы жұмыстар да жүйелі түрде жүргізіліп келеді.Облыс құрылған кезде бюджет көлемі 251,3 млрд теңге болған еді. Қазір ол екі есеге өсіп, биыл 500,9 млрд теңгеге жетті. Оның 45,4%, яғни 227,3 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды, – деді Берік Уәли.
Абай облысының бюджеті екі есеге артты
Фото: Абай облысының әкімдігі Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны биыл да оң нәтиже көрсетіп отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі салаларда тұрақты өсім тіркелген. Бұл туралы өңір әкімі Берік Уәли Ор

Фото: Абай облысының әкімдігі
Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны биыл да оң нәтиже көрсетіп отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі салаларда тұрақты өсім тіркелген. Бұл туралы өңір әкімі Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, көлік саласында – 123,4%, байланыс – 106,4%, өңдеу өнеркәсібі – 101,3%, ішкі сауда – 105,9%, ауыл шаруашылығы – 102,8%, ал инвестиция көлемі – 103,1% деңгейінде артқан.
Сонымен қатар биылдың 10 айында облыстан мемлекеттік бюджетке 441,4 млрд теңге көлемінде салық және басқа да міндетті төлемдер түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 137,3% өсім көрсетеді.
Related

Abay Region
«Таза Қазақстан – это наш бренд»: молодёжь Абайского района организовала экологическую акцию
Айдар Керім·

Abay Region
Абай облысының әкімі Франция елшісімен кездесті
Todayinfo Admin·

Abay Region
Абай облысында майдангерлер ерлігі ұлықталды
Жаннұр Еділбаева·

Abay Region
5 млн теңге: Берік Уәли Президенттің атынан ҰОС мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті
Жаннұр Еділбаева·