- Абай – әлем ақыл-ойының алыбы. Елді бірлікке шақырған, еңбекке үнедеген, кемел адамның мінез-болмысын ашып берген адам. Сондықтан Абайдың мұрасы мәңгілік, – дейді мемлекет және қоғам қайраткері Жомартқали Жексенбинов.- Абай өлеңдері – бізге мәңгілік темірқазық, оны біз өмір бойы оқуымыз керек. Жай оқымай түсініп, түйсініп оқуымыз керек. Абай тойы – барша елдің тойы. Бүгінгі шараға өскелең жастардың көптеп қатысқаны қуантады, - деді Қайрат Бестібаев. Еске салсақ, мерейтой аясындағы онкүндік шеңберінде облыста бұған дейін ақындар мүшәйрасы, караокемен ән салу кеші, ұлттық спорт жарыстары т.б. бірқатар шаралар өткізілген болатын. Фото: Жетісу облысының әкімдігі
Абай Құнанбайұлына – 180 жыл: Жетісуда Ұлы ақынның рухына тағзым етілді
Бүгін Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Талдықорған қаласындағы ақын ескерткішінің алдында мерекелік шара өткізіліп, ақын рухы ардақталды. Шараға облыс басшылығы, өңірдегі зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар өкілдері, облыс жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды t
By Айғаным Нариманова··2 min read

Бүгін Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Талдықорған қаласындағы ақын ескерткішінің алдында мерекелік шара өткізіліп, ақын рухы ардақталды. Шараға облыс басшылығы, өңірдегі зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар өкілдері, облыс жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды todayinfo.kz
Бикен Римова атындағы драма театрының алдындағы алаңға жиналған қауым алдымен жергілікті актерлардың қатысуымен қойылған театрландырылған көрініске куә болды. Онда бала Абайдың дана Абайға айналу кезеңдері паш етілді. Ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, баба рухына тағзым жасалды.
Мұнан соң Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік аясында ұйымдастырылған «Өлең - сөздің патшасы» атты облыстық мүшәйрада жүлдегер атанған ақындар Қайрат Бестібаев, Мұхтар Күмісбек, Жомарт Игіман, Санжар Сұлтанғазы өздерінің арнау өлеңдерін, сол сияқты жергілікті «Мизам» әдебиет мектебінің шәкірттері ойшыл-ақынның өлеңдерін оқыды. Сол сияқты жергілікті өнерпаздар Абайдың әндерінен концерттік бағдарлама ұсынды.
Related

Regions
Адамдардың құқығын аяққа таптаған: СҚО-ның әкімдері заңға қарсы жұмыс істейді
Әмірболат Құсайынұлы·

Regions
Шешімі табылмаған мәселе шаш етектен: Петропавлда әкімдік екі үйді 340 млн теңгеге сатып алмақ
Әмірболат Құсайынұлы·

Regions
«Саналы түрде тұншықтыру болды»: Ринат Зайытов Семей өңіріне неге көңіл бөлінбей келгенін айтты
Айғаным Нариманова·

Regions
Семейде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр
Айғаным Нариманова·