Todayinfo.kz
Abay RegionView all articles

Абайдың 180 жылдығына арналған ұлттық байқаулар басталды

2025 жылғы 8-9 тамыз күндері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Қарауыл ауылында төрт бірдей ұлттық байқау өтіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Іс-шаралар ұлттық спорт, мәдениет және рухани құндылықтарды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған. Дәс

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
Абайдың 180 жылдығына арналған ұлттық байқаулар басталды
2025 жылғы 8-9 тамыз күндері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Қарауыл ауылында төрт бірдей ұлттық байқау өтіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Іс-шаралар ұлттық спорт, мәдениет және рухани құндылықтарды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған.

Дәстүрлі садақ атудан республикалық турнир

Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен мергендер қатысады. Жарыс қазақтың төл «қалқан» нысанасы бойынша өтеді. Қашықтық – 60 метр. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады: іріктеу (63 оқ), ⅛, ¼, ½ және финалдық айналымдар (әрқайсысы – 9 оқ, 1 мүмкіндік). Жүлде қоры: 1 орын – 3 бас жылқы 2 орын – 2 бас жылқы 3 орын – 1 бас жылқы

«Ер жігіт» республикалық байқауы

Байқауға әр облыстан және Абай облысындағы қала-аудандардан 18-35 жас аралығындағы 1 қатысушыдан шақырылған. Сайыс екі кезеңнен тұрады: ұлттық спорт түрлері және шығармашылық таныстыру. Жүлде қоры: 1 орын – 7 бас жылқы 2 орын – 5 бас жылқы 3 орын – 3 бас жылқы (екі жүлдегерге)

«Сұлу әйел» байқауы

Ұлттық мәдениет пен аналар бейнесін дәріптейтін байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 25-40 жас аралығындағы аналар қатысады. Байқау «Ана бейнесі» және «Ана дәмі» атты екі кезеңнен тұрады. Жүлде қоры: 1 орын – 5 бас жылқы 2 орын – 3 бас жылқы 3 орын – 1 бас жылқы (екі жүлдегерге)

Құсбегілер жарысы

«Жеті қазына» жобасы аясында өтетін құсбегілік сайысында республиканың 10 облысы мен 2 қаласынан келген бүркітшілер бақ сынайды. Жарыс екі кезеңнен тұрады: Бүркітті қолдан қолға шақыру (300-500 м) Бүркітті шырғаға салу (100-500 м) Жүлде қоры: 1 орын – 3 бас жылқы 2 орын – 2 бас жылқы 3 орын – 1 бас жылқы Бұл байқаулар Абай мұрасын ұлықтаумен қатар, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған. Фото: Абай облысы әкімдігі

Related

Абайдың 180 жылдығына арналған ұлттық байқаулар басталды · Todayinfo