Абақтыға түскен апа: ресейге барған 74 жастағы қазақстандық әйел қамауға алынды
Ресейдің Орынбор аудандық соты 74 жастағы Қазақстан азаматына қатысты екі ай мерзімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Ол Орынбор әуежайында екі полиция қызметкеріне күш қолданды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Сот мәліметінше, зейне

Ресейдің Орынбор аудандық соты 74 жастағы Қазақстан азаматына қатысты екі ай мерзімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Ол Орынбор әуежайында екі полиция қызметкеріне күш қолданды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Сот мәліметінше, зейнеткер қызын көру үшін Ресейге барған. Алдымен автокөлікпен шекарадан өтіп, кейін сапарын ұшақпен жалғастырмақ болған. Алайда әуежайдағы тексеріс кезінде оның қол жүгінен бес литрлік май құтысы табылған. Әуе тасымалы ережелері түсіндірілген соң, жолаушы агрессивті әрекет көрсеткені айтылады.
Дегенмен сот отырысында әйел күш қолданғанын жоққа шығарды. Сот оның жасын ескеріп, бастапқыда туыстарына кепіл немесе үйқамақ түріндегі балама шара қолдану мүмкіндігін қарастырған. Алайда уақытша ұстау изоляторынан алынған мінездемелер оның белгіленген тәртіпті сақтауға дайын еместігін көрсеткен.
Сонымен қатар, сот айыпталушының Ресей аумағынан тез арада кетуге ниет білдіруі туралы ақпаратты да ескерген.
Сот қорытындысында «жеке басына қатысты деректер мен тергеуден жалтару қаупін» негізге ала отырып, екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.
Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Related

News
Президенттің бастамасы Маңғыстау мұрасын әлемге паш етті – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
Жаннұр Еділбаева·

News
Президенттің бастамасы Маңғыстау мұрасын әлемге паш етті – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
Жаннұр Еділбаева·

News
Науқан өңірлерге бет бұрды: партиялар жергілікті жерлердегі жұмысты бастады
Жаннұр Еділбаева·

News
Кампания сместилась в регионы: партии начали работу на местах
Жаннұр Еділбаева·