16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша басты күдікті Абзал Шынасыл сот отырысында оқиға барысын егжей-тегжейлі баяндап, өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, оқиға алдында ол «Эйфория» мейрамханасында достарымен жиналған. «Біз «Эйфория» м
16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша басты күдікті Абзал Шынасыл сот отырысында оқиға барысын егжей-тегжейлі баяндап, өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды
Todayinfo.
Оның айтуынша, оқиға алдында ол «Эйфория» мейрамханасында достарымен жиналған.
«Біз «Эйфория» мейрамханасында жиналдық. Кейін Тоқтаубаев Азамат пен Шыңғыс Белғожаев келді. Дархан Әскентай Нұрболға хабарласты. Сағат түнгі 00:00-ден асқанда мейрамхана жабылатыны айтылды. Сол кезде Азамат пен Шыңғыстың жоғалып кеткенін байқадық. Бір уақытта Азамат маған хабарласып, “досымды ұрып кетті” деді. Олар қара көлікке мініп кеткен екен. Мен көлікке сыймай қалдым», – дейді күдікті.
Абзал мейрамханадан Талғат Әшірбаев есімді танысын көріп, ол оны Менделеев көшесіне апарып тастаған. Осы кезде Дана есімді қыз оған төбелес басталғаны туралы хабарлама жіберген.
«Көшеде адамдар шулап, төбелесіп жатқанын байқадым. Солардың арасынан ұзын бойлы, сақалды жігіт – Нұрғанат Ғайыпбаев маған қарай ұмтылды. Мен оны бір рет ұрдым. Кейін ол “Қамажай” дүкенінен мылтық алып шығып, балағат сөз айтып, аспанға оқ атты», – дейді Абзал.
Күдіктінің айтуынша, Нұрғанат ешкімнің сөзін тыңдамай, тағы бір мәрте оқ атқан. Содан кейін ол Шота Руставели көшесіне бет алған.
«Мен де оның артынан көшені жағалап бардым. Барған кезде оның жанында жүрген Шерзат Полат құлап түсті. Шалынып қалған шығар деп ойладым. Біреу “Жедел жәрдем шақыр” деген кезде барып оны бір тептім. Артымнан бір бала келді – ол Дархан Әскентай екен. Оны танымай қалған соң екі рет ұрып жібердім», – дейді күдікті.
Сотта Абзал Шынасыл Нұрғанат Ғайыпбаевтың артынан барып, төс қалтасындағы пышақпен оның жамбас тұсына үш рет сұққанын мойындады.
«Кейін көлік келгенде бәріміз “777” дүкеніне бардық. Қыздар дүкенге кірді. Мен пышағымды алып, Данаға “Диззи” сусынымен пышақты жу дедің – қол іздері қалмасын деп», – деп толықтырды ол.