Адвокаты Бишімбаевты «абайсызда өлтіру» бабы бойынша соттауды сұрады
Қорғаушы тарап оқиғалардың хронологиясын тергеу бұзды деп санайды. Ал Құсайыновтың адвокаты тергеу барысында жүйелі түрде ұрып-соғу фактілері дәлелденбегенін айтады. Қорғаушы Нүкенованың достарын Бишімбаевтың Салтанат жасаған ұрыстары туралы хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкерш

Қорғаушы тарап оқиғалардың хронологиясын тергеу бұзды деп санайды. Ал Құсайыновтың адвокаты тергеу барысында жүйелі түрде ұрып-соғу фактілері дәлелденбегенін айтады. Қорғаушы Нүкенованың достарын Бишімбаевтың Салтанат жасаған ұрыстары туралы хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп есептейді.
Қорғаушы тарап сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастауды және "қатігездікпен өлтіру" бабын "абайсызда өлтіру" бабына қайта саралауды сұрайды. Ол бап бойынша айыпталушы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.
Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрады.
Related

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·