Todayinfo.kz
NewsView all articles

Әйелді алдына алып, құшақтап отырған: масқара болған өзбекстандық шенеунік пен әріптесі жұмыстан қуылды

Өзбекстанның Самарқанд облысында министрліктің онлайн жиналысы кезінде шенеунік әріптесі екеуі ерсі қылық істеген. Ер адам әйелді алдына отығызып, құшақтап отырған, мұны өзге қатысушылар камерадан көріп отырған , деп хабарлайды Todayinfo   kun.uz басылымына сілтеме жасап. Ар

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Әйелді алдына алып, құшақтап отырған: масқара болған өзбекстандық шенеунік пен әріптесі жұмыстан қуылды

Өзбекстанның Самарқанд облысында министрліктің онлайн жиналысы кезінде шенеунік әріптесі екеуі ерсі қылық істеген. Ер адам әйелді алдына отығызып, құшақтап отырған, мұны өзге қатысушылар камерадан көріп отырған , деп хабарлайды Todayinfo  kun.uz басылымына сілтеме жасап.

Артынша Өзбекстанның Еңбек министрлігі ресми түсініктеме беріп, жауапты тұлғалар мәселені тексергенін хабарлады.

Нәтижесінде, этикалық нормаларды өрескел бұзған бөлім басшысы мен сол жиында болған әйел қызметкердің еңбек шарттары бұзылып, екеуі де қызметтен босатылды.

Министрлік олардың әрекеті мемлекеттік қызметкер этикасына қайшы екенін атап өтті.

Шенеунік бұл қызметке 2023 жылдың желтоқсан айында тағайындалғаны анықталды.

Related

Әйелді алдына алып, құшақтап отырған: масқара болған өзбекстандық шенеунік пен әріптесі жұмыстан қуылды · Todayinfo