Қостанайдағы қанды қырғын: қатыгез жігіт әйелін өлтіріп, енесін де пышақтаған
Қостанай облысының Қарабалық ауданында ауыр қылмыс жасалды. 15 шілде күні кешкі уақытта 45 жастағы ер адам өзінің бұрынғы жұбайы мен қайын енесін өлтіріп, кәмелетке толмаған балаларына да шабуыл жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Алдын ала мәліметте

Қостанай облысының Қарабалық ауданында ауыр қылмыс жасалды. 15 шілде күні кешкі уақытта 45 жастағы ер адам өзінің бұрынғы жұбайы мен қайын енесін өлтіріп, кәмелетке толмаған балаларына да шабуыл жасағаны белгілі болды,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 10 жастағы ұлы пышақ жарақатын алған, ал қыз бала – жасөспірім қызы – аман қалған, оған физикалық зақым келмеген. Балаларға оқиға орнынан қашып құтылу сәті түскен.
Оқиға орнынан кейін полиция қылмыскерге іздеу жариялап, өңірге жедел бағдарлама таратқан. HALYQSTAN тілшісіне тұрғындардың айтуынша, күдікті көрші сарайдан табылған, оның денесінде кесілген жаралар болған. Болжам бойынша, ер адам өзіне қол жұмсамақ болған.
Ресми ақпаратқа сәйкес, күдікті отбасынан бөлек тұрған. Алайда қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·