Әлемдік танымал компанияның президенті: Нью-Йоркте ұшақ апатынан испаниялық бір отбасы түгел қаза тапты
Фото: New York Helicopters Tours Құтқарушылар тағы екі адамды судан шығарып үлгеріп, оларды ауруханаға жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, Bell-206L тікұшағында туристер отырған, деп хабарлайды Todayinfo. Тікұшақ Манхэттен орталығынан ұшып, шамамен 15 минут әуеде болған. Куәгерл

Фото: New York Helicopters Tours
Құтқарушылар тағы екі адамды судан шығарып үлгеріп, оларды ауруханаға жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, Bell-206L тікұшағында туристер отырған, деп хабарлайды Todayinfo.
Тікұшақ Манхэттен орталығынан ұшып, шамамен 15 минут әуеде болған. Куәгерлердің айтуынша, апатқа күшті жел себеп болуы мүмкін. Тікұшақ өзен жағасына жақын маңға құлаған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Нью-Йорктегі тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 6 адамға жетті. Қайтыс болғандар қатарында ұшқыш пен Испаниядан келген отбасы – екі ересек адам және үш бала бар.
Нью-Йоркте өзенге құлаған тікұшақта Siemens компаниясының Испаниядағы бөлімшесінің президенті Агустин Эскобар әйелі және үш баласымен бірге қаза тапты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл отбасы сол күні таңертең Барселонадан АҚШ-қа келген.
АҚШ президенті Дональд Трамп қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·