Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлының көзіне жас алған сәті түсірілген видео желіде қызу талқыланып жатыр. Аталған бейнежазба көпшіліктің түрлі пікір айтуына себеп болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Желі қолданушылары видеодағы эмоцияның шынайылығына күмән келтіріп, оның жылауын әртүрлі себеппен байланыстырып жатыр. Кейбірі бұл әрекетті діни сезіммен түсіндірсе, енді біреулері оны жасанды көрініс деп бағалаған.
Әлеуметтік желіде айтылған болжамдардың арасында мынадай пікірлер бар:
– «Аллаға ұнамды болу үшін жылаған болуы мүмкін»,
– «Билікке жағу мақсатында жасалған қадам шығар»,
– «Өткен өмірін еске алған болар»,
– «Қазақты дінге сендіру үшін әдейі көрсетілген эмоция»,
– «Тақуа көріну үшін жасалған әрекет болуы мүмкін»,
– «Келісілген сценариймен түсірілген видео сияқты әсер қалдырады».
Кейбір желі қолданушылары тіпті бұл видеоны «артистік әрекетке» балап, сынға алды.
Дегенмен өзге тарап бас мүфтидің жылауын шынайы эмоция ретінде қабылдап, оның діни уағыз кезінде толқып кеткенін айтуда. Олар дін өкілінің жүректен шыққан сөздері кейде көз жасымен қатар жүретінін алға тартады.
Айта кетейік, Наурызбай Тағанұлы бұл видеоға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
https://www.facebook.com/nurjansemsk/videos



