Әуезов ауданы Алматы экономикасының 5,8 пайызын қамтамасыз етіп отыр
Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны орнықты. Өткен жылы шағын және орта бизнес нысындарының саны 7 пайызға өсіп, 57,1 мыңнан 61 мыңға жеткен еді. Бұл өз кезегінде 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттіг

Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны орнықты. Өткен жылы шағын және орта бизнес нысындарының саны 7 пайызға өсіп, 57,1 мыңнан 61 мыңға жеткен еді. Бұл өз кезегінде 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Аудан экономикасына 82 миллиард теңге инвестиция тартылды, бұл қалалық жалпы көлемнің 5,8 пайызы деген сөз. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев осылай деп мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, шағын және орта бизнес - аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші. Ауданда қазір 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылдың басынан бері олар 83 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 миллиард теңгеге дейін жеткізбек ойда.
Басқа салада да осындай өсім бар. Бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артып, 798 миллиард теңгеге жетті (өткен жылы – 612,7 миллиард теңге болатын). Құрылыс саласы 46 пайызға өсіп, табыс 62 миллиард теңгені құрады.
Салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсімі жоспардан асып, жоспардағы 265 миллиард теңгенің орнына 284 миллиард теңгеге жетті. Өсу қарқыны – 125 пайыз.
Осының арқасында Әуезов ауданы Алматыдағы қарқынды дамып келе жатқан ауданның бірі болып, қала экономикасына елеулі үлес қосып отыр.
Related

Almaty
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·