Todayinfo.kz
NewsView all articles

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы желіде тараған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ол Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі

By Айғаным Нариманова··1 min read
Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы желіде тараған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ол Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
«Сара Назарбаеваның 85 жасында қайтыс болғаны туралы ақпарат — жалған. Бұл — шындыққа жанаспайтын, тек алыпқашпа әңгіме», – деп жазды Үкібай.
Бүгін күндіз әлеуметтік желілер мен кейбір Telegram-арналарда Сара Алпысқызы Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы бейресми ақпарат тараған болатын. Алайда бұл ақпарат ресми органдар тарапынан расталмаған еді. Кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың мәлімдемесі бұл қауесеттің жалған екенін нақтылады.  

Related

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды · Todayinfo