Todayinfo.kz
NewsView all articles

Айнұр Әбдірәсілқызы жалған психолог-мотиваторлар туралы айтты

Белгілі дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында жалған психолог-мотиваторлардан қоғамның жапа шегіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, соңғы уақытта бұл бағыттағы пробл

By Айғаным Нариманова··1 min read
Айнұр Әбдірәсілқызы жалған психолог-мотиваторлар туралы айтты
Белгілі дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында жалған психолог-мотиваторлардан қоғамның жапа шегіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, соңғы уақытта бұл бағыттағы проблемалармен бетпе-бет келген азаматтардың саны артып келеді.

«Бұлардың ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білемін. Әр адам әркімнен зардап шегіп келіп жатыр. «Пәленше деген психологқа барып едім» деп бастайды, мен «қоя қойшы» деймін. Өйткені менің оларда шаруам жоқ, танымаймын», – деді дінтанушы.

Журналистің «жалған психологтар» қатарына Айнұр Тұрсынбаеваны жатқызасыз ба?» деген сұрағына Айнұр Әбдірәсілқызы нақты пікір білдіруден бас тартты.

«Маған тұлғалар туралы көп сұрақ қояды, мен оларды танымаймын. Мысалы, Айнұр Тұрсынбаева өзін мотиватор деп айтып жүр. Бір кездері ол менің дайрегіме жазып, «Саналы өмір» атты психологиялық мега тренингіме қатысты. 12 сағаттық тренингтің барлық материалдарын алған, кейін оларды өз жұмысында пайдаланғанын көрдім. Бірақ ол сатылу үшін берілмеген, өзінің жеке дамуына арналған еді. Одан басқа байланысымыз болған емес», – деді ол.

Айнұр Әбдірәсілқызының айтуынша, қоғамда өзін кәсіби психолог ретінде көрсетіп жүрген тұлғалар шын мәнінде ғылыми негізі жоқ, әрі этикалық шеңберден шыққан әдістерді қолданып, адамдардың сенімін теріс пайдаланып жүр. Дінтанушы олардың іс-әрекетіне қарсы емес, бірақ олардан зардап шеккен азаматтарға психологиялық қолдау көрсетуді жалғастырып келеді.

Related

Айнұр Әбдірәсілқызы жалған психолог-мотиваторлар туралы айтты · Todayinfo