Todayinfo.kz
NewsView all articles

Айжұлдыз Адайбековаға күйеуі Алматының орталығынан жаңа пәтер сыйлады

Танымал әнші Айжұлдыз Адайбекова мен оның күйеуі Сәкен Қағаров жақында өмірлеріндегі маңызды қадам жасап, жаңа пәтер иесі атанды. Бұл қуанышты жаңалықты Сәкен Қағаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo. «Менің тәттіме пәтер сыйладым. Өз ысты

By Айғаным Нариманова··1 min read
Айжұлдыз Адайбековаға күйеуі Алматының орталығынан жаңа пәтер сыйлады
Танымал әнші Айжұлдыз Адайбекова мен оның күйеуі Сәкен Қағаров жақында өмірлеріндегі маңызды қадам жасап, жаңа пәтер иесі атанды. Бұл қуанышты жаңалықты Сәкен Қағаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.
«Менің тәттіме пәтер сыйладым. Өз ыстық ұямызды Алматының орталығында құрамыз», – деп жазды ол.
Жас отбасы Алматының қақ төрінен су жаңа баспана алып, қазіргі уақытта пәтердің жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қуанышын бөлісіп, шын жүректен құттықтауларын жолдады. Комментарийлер астында: "Құтты, берекелі үй болсын", "Нағыз еркек екен", "Керемет жаңалық, құтты болсын", – деген тілектер жиі жазылды.      

Related

Айжұлдыз Адайбековаға күйеуі Алматының орталығынан жаңа пәтер сыйлады · Todayinfo