Соңғы үш жылда ауданның салық базасы 8,5 млрд теңгеден 14,3 млрд теңгеге дейін артқан. Тек 2025 жылдың алғашқы 5 айында бюджеттік түсім көлемі 7 млрд 766 млн теңгені құрады. Оның ішінде:«Жер жәннаты Жетісудың Алакөл өңіріне қош келдіңіздер! Дәстүрге айналған бұл шарада сіздермен жүздесіп, ауданымыздағы атқарылған жұмыстар туралы қысқаша мәлімет бергім келеді», – деді әкім.
- 5,3 млрд теңге – жергілікті бюджетке;
- 2,4 млрд теңге – республикалық бюджетке түскен;
- Меншікті салық түсімі – 2,46 млрд теңге, жалпы кірістің 31,7%-ын құрады.
2025 жылы қосымша:
- 78 млн теңгеге 2 жоба іске асыру,
- 10 жұмыс орнын құру жоспарланған.
- Бюджеттен тыс қаражат есебінен 50,6 млрд теңгеге 5 ірі жоба жүзеге асып, 432 жұмыс орны ашылды.
Анықтама ретінде:
- 2025 жылдың алғашқы 5 айында – 36,7 млрд теңге инвестиция тартылды.
- Оның 2,7 млрд теңгесі – бюджет қаражаты,
- 34 млрд теңгесі – жеке инвестициялар.




