Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Алаяқтар банктердің өз ішінде отыр»: Бақытжан Базарбектің үстінен енді қаржыгерлер арыз түсірді

Фото: Мәжіліс Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өзін парламенттің тәртіптік кеңесіне шағымданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған ұйымды екінші деңгейлі банктер қолдап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Депутат шағымның

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Алаяқтар банктердің өз ішінде отыр»: Бақытжан Базарбектің үстінен енді қаржыгерлер арыз түсірді

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өзін парламенттің тәртіптік кеңесіне шағымданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған ұйымды екінші деңгейлі банктер қолдап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Депутат шағымның себебін банк қызметі туралы заңға енгізілген түзетулермен байланыстырды. Айтуынша, бұл өзгерістерді қабылдау кезінде ол әріптесі Мұрат Әбеновпен бірге қатаң ұстанымда болған. Соның нәтижесінде енді несиелер мен қаржылық операциялар бойынша биометриялық сәйкестендіру тек Ұлттық банктің бірыңғай базасы арқылы жүзеге асады. Бұрынғыдай коммерциялық банктердің ішкі жүйелері арқылы рәсімдеуге жол берілмейді.

Бақытжан Базарбектің сөзінше, бұл екінші деңгейлі банктерге тиімсіз.

«Әрине, бұл екінші деңгейлі банктерге ұнамайды. Бұрын коммерциялық банктер өздерінің биометриялық жүйелері арқылы несиелерді “айналма жолмен” рәсімдей алатын. Енді ондай мүмкіндік жоқ. Яғни, әр банк ішінде “сол жақтан” несие беру енді болмайды», — деді ол.

Депутат бұл шағымды тәуелсіз мәжіліс депутатына жасалған тікелей қысым деп бағалап, қабылданған түзетулердің нақты мүдделерге тигенін атап өтті.

«Алаяқтардың өздері екінші деңгейлі банктердің ішінде отыр. Әрине, біздің заңды әрекеттеріміз бен енгізген түзетулеріміз коммерциялық банктерге ұнаған жоқ. Содан кейін олар менің атыма осындай арыз ұйымдастырды», — деді Базарбек.

Ол жұмыс тобының отырыстарында айтқан сөздері кейде қатаң шыққанын мойындады. Алайда, оның пікірінше, қаржыгерлер банктердің мүддесін ашық түрде лоббилеп, бұл әрекеттер депутатқа қысым көрсету сипатына ие болған.

Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Базарбек Үкімет оның депутаттық сауалдарын елемейтін болса, «үкіметті жағасынан аламын» деп мәлімдеген еді. Ал мәжілісмен Магеррам Магеррамов Үкіметті халықпен байланысын толық жоғалтты және жылдар бойы жиналған мәселелерді шешуге қауқарсыз деп ашық айыптаған болатын.

Related

«Алаяқтар банктердің өз ішінде отыр»: Бақытжан Базарбектің үстінен енді қаржыгерлер арыз түсірді · Todayinfo