Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Алматы облысында автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды

Алматы облысында үйлену тойы кезінде ер адам автоматтан оқ жаудырған. Әлеуметтік желіге шыққан видеодан үйлену тойы кезінде ер адамның АК-74 автоматынан бірнеше рет оқ атқанын көруге болады. Жазбада оқиғаның Қаскелең қаласында болғаны жазылған. Алматы облысы полиция департаментін

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматы облысында автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды
Алматы облысында үйлену тойы кезінде ер адам автоматтан оқ жаудырған. Әлеуметтік желіге шыққан видеодан үйлену тойы кезінде ер адамның АК-74 автоматынан бірнеше рет оқ атқанын көруге болады. Жазбада оқиғаның Қаскелең қаласында болғаны жазылған. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оқиға 2022 жылдың жазында Қарасай ауданы мейрамханасының аумағында болған.
"Қазіргі уақытта 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Одан АК-74 автоматы табылып, тәркіленді. Күдікті шынымен де танысының үйлену тойында бірнеше рет оқ атқан", — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.  

Related

Алматы облысында автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды · Todayinfo