Алматы облысында «Келешек мектептері» жүйелі түрде ашылуда
Алматы облысында «Келешек мектептері» жүйелі түрде ашылуда - бұл өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғырту мен үш ауысымдыоқытуды жою мақсатындағы маңызды жоба. 2022–2025 жылдар аралығында 17 «Келешек мектебі» іске қосылды Бұл мектептер заманауи үлгіде жабдықталып, толық

Алматы облысында «Келешек мектептері» жүйелі түрде ашылуда - бұл өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғырту мен үш ауысымдыоқытуды жою мақсатындағы маңызды жоба.
2022–2025 жылдар аралығында 17 «Келешек мектебі» іске қосылды Бұл мектептер заманауи үлгіде жабдықталып, толық цифрландырылған оқу үдерісін қамтамасыз етеді.
Әр мектепте:
- Жаңа модификациялық кабинеттер (STEM, робототехника, химия, физика)
- IT сыныптар, интерактивті тақталар
- Шығармашылық шеберханалар, спорт және акт залдары
- Инклюзивті білім беру ортасы мен қауіпсіздікжүйелері бар
2024 жылы 11100 орындық 9 «Келешек мектебі» пайдалануға берілді .
- Алатау қаласы (Еңбек ауылы)
- Жамбыл ауданы (Ұзынағаш, Қарғалы ауылдары)
- Қарасай ауданы (Қаскелең қаласы, Көкөзек, Долан, Елтай, Кемертоған, Қошмамбет ауылдары)
2025 жылы 6000 орындық 8 мектеп ашылды.
- Іле ауданы (Түймебаев)
- Қарасай ауданы (Алмалыбақ)
- Жамбыл ауданы (Сарыбай би)
- Еңбекшіқазақ ауданы (Қаражота, Алмалы)
- Талғар ауданы (Жаңалық, Талдыбұлақ, Төнкеріс)
Жыл соңына дейін тағы 9 мектептің (7200 орын) құрылысы аяқталады деп күтілуде. Оның ішінде:
- 5 мектеп – үш ауысымды жою үшін,
- 4 мектеп – орын тапшылығын азайту үшінсалынуда.
Қолданысқа берілген 17 мектепке:
- 20 034 оқушы қабылданды
- 1984 педагог жұмысқа орналасты
Оның ішінде 948 педагог – ауысу тәртібімен
- 1036 педагог – конкурс арқылы қабылданды
Бұл көрсеткіштер — Алматы облысы бойынша білім беру сапасын арттыру және мектепинфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы нақтынәтижелер.
Келешек мектептерін салу мақсаты мен тиімділіктері:
- Оқу сапасын арттыру – жаңа жабдықтар, цифрлық технологиялар арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру;
- Қазіргі заман талабына сай білім беру – STEM, ІТ, робототехника бағыттарын енгізу арқылы жан-жақты даму;
- Мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасау – жаңа әдістер мен құралдарды қолдануға мүмкіндік беру;
- Қала мен ауыл арасындағы білім беру теңсіздігін азайту – шалғай ауылдарда сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау;
- Ата-анамен байланыс пен ашықтық.
Related

News
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

News
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

News
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

News
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·