Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы облысында оқушыларды соққыға жыққан жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынуы мүмкін
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Қараой ауылындағы №49 мектепте оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық фактісі тіркелді. Желіде таралған бейнежазбада 9-сынып оқушыларының бірі бірнеше баланы соққыға жығып жатқан сәті көрініс тапқан. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлай

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Қараой ауылындағы №49 мектепте оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық фактісі тіркелді. Желіде таралған бейнежазбада 9-сынып оқушыларының бірі бірнеше баланы соққыға жығып жатқан сәті көрініс тапқан. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған оқиға туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде хабар тарағаннан кейін ғана құқық қорғау органдары әрекетке кірісті. Бастапқы дерек бойынша, бұл жағдай 2023 жылдың қыркүйегінде орын алған. Алайда сол кезде ешкім шағым түсірмеген.
Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балаға күш қолдану белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Төбелеске қатысы бар екі жасөспірім профилактикалық есепке қойылды.
Заңға сәйкес, балалардың тәрбиесіне жауапты тұлғаларға да шара қолданылды. Күш қолданған және оқиғаны видеоға түсірген екі оқушының да ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапкершілік жүктелді.
Бұл бап бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, яғни 39 320 теңге айыппұл қарастырылған.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева бұл іске қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Қазір зардап шеккен және қатысы бар балаларға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету шаралары жүргізілуде.
Осы жағдай жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, мектепішілік тәрбие мен ата-аналық бақылау мәселесін қайта қарауды қажет ететінін көрсетті.
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·