«Біздің перзентхананың дәрігерлері табиғи босануды қолдайды, сондықтан дәрігер тек босану процесін бақылайды, араласады және тек қатаң медициналық себептермен дәрі-дәрмектерді қолданады. Босану кезіндегі кез келген манипуляциялар медициналық араласу қажеттілігін егжей-тегжейлі түсіндіріп, босанған әйелдің келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Бөлімшеде дені сау жүкті әйелдерге ғана емес, сонымен қатар тәуекел тобына жататын науқастарға, перинаталдық проблемалары бар әйелдерге де жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, кесар тілігінен кейін жатырында тыртығы бар әйелдерді де қынап арқылы босануды тәжірибелейді. Кешенді бағалаудан кейін, оның ішінде анамнез деректері, алдыңғы операцияға көрсеткіштерін егжей-тегжейлі қарастырамыз. Табиғи түрде әйелдің өзі босануы мүмкіндігін анықтаймыз. Бұл медициналық іс-шараларды тек тәжірибелі акушер-гинекологтар жүргізеді. Операцияларды акушер-гинеколог, анестезиолог, неонатологтар тобы жасайды. Анестезия әдісін босану кезіндегі әйелдің, ұрықтың жағдайын ескере отырып, анестезиолог жеке анықтайды. Операция үшін анестезия әдісін таңдағанда, әйелдің қалауы да ескеріледі», - деді әйелдер кеңесінің акушер-гинеколог дәрігері Назгүл Елеусізова.11 айда Алматы облысында 204 егіз және бір үшем дүние есігін ашқан.
Алматы облысында соңғы 11 айда 23 мыңға жуық бала дүниеге келген
Фото: ашық дереккөзден Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 1000 астам нәресте дүние есігін ашқан. Емдеу мекемесінің перзентханасының ерекшелігі - босану бөлмелерінің жеке жоспарлануы, олардың сапалы түрде барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі: ыңғайлы трансфо

Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 1000 астам нәресте дүние есігін ашқан. Емдеу мекемесінің перзентханасының ерекшелігі - босану бөлмелерінің жеке жоспарлануы, олардың сапалы түрде барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі: ыңғайлы трансформер төсектері, кардиомонитор, баланың киімін ауыстырғанда жылытылатын үстелдері, операциялық шамдар, электронды таразылар және т.б. Сонымен қатар, перзентханада тек бір реттік жиынтықтар, катетерлер, инфузиялық жүйелер қолданылады. Перзентхана және гинекологиялық бөлімшелердің медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы бүгінде 100 пайызды құрап отыр.
Жасалған қолайлы жағдайларды алдыға тартып, бірнеше күн бұрын алғашқы перзентін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасында босанған Айнұр есімді келіншекпен сұқбаттастық. Жас әйелдің сөзінше, босану бөлмесінде ол өзін ыңғайлы сезінген, еркін ұстай алатындығын түсінген: босануға дайындалу кезеңінде палатада жүре алған, жата алған, тізе-шынтақ күйін ала алған, сүйікті әуенін тыңдай алған. Сонымен қатар, қалауынша, жеке киімдерін, алынбалы аяқ киімді, жеке гигиена құралдарын пайдалануға мүмкіндігі бар екендігін түсінген.
Related

Regions
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Regions
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Regions
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Regions
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·