Алдағы күндері Алматыда ауа райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 17–18 мамырға қараған түні қалада жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты ауа райы болады. Алайда түн ауа бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай соғуы ықтимал. Ауа температурасы +23…+25°C шамасында болады, деп хабарлайды Todayinfo.
18 мамыр күні сағат 13:00-ден бастап тәулік соңына дейін Алматыда найзағай мен бұршақпен бірге нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. Жауын-шашын көлемі 20 мм-ге дейін жетуі мүмкін.
• Жел бағыты: батыс және солтүстік-батыстан
• Желдің жылдамдығы: 3–8 м/с
• Найзағай кезінде екпіні: 18–23 м/с дейін
19 мамырда таңғы сағат 05:00-ге дейін жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашынсыз болады.
• Түнгі температура: +13…+15°C
• Күндізгі температура: +20…+22°C
• Жел: оңтүстік-батыстан 3–8 м/с
Қатты жауынға байланысты Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілді
Алматы қаласының коммуналдық қызметтері 18 мамырдағы нөсер жауын мен су басудың алдын алу үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Түнгі ауысымда:
• 366 арнайы техника
• 355 жол жұмысшысы
Күндізгі ауысымда:
• 515 техника
• 27 мотопомпа
• 755 жұмысшы жұмылдырылады
Сонымен қатар:
• 42 жедел бригада мотопомпалармен жабдықталып, дайындық режимінде жұмыс істейді.
• Арық жүйелері мен жаңбыр суын жинау нүктелері тазаланып, тәулік бойы бақылау жүргізілуде.
Құтқару қызметі де толық дайындықта
«Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК:
• 15 техника
• 50 қызметкер
ТЖД тарапынан:
• 55 техника
• 245 маман кезекшілік атқаруда




