Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда 23 жастағы фельдшер қаза тапты

Алматы қаласында жол апатынан 23 жастағы фельдшер қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алматы қаласының Алатау ауданында 3 желтоқсан күні шамамен 00:40-та жедел жәрдем көлігі мен Kia маркалы жеңіл көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Қалалық Полиция де

By Айғаным Нариманова··1 min read
Алматы қаласында жол апатынан 23 жастағы фельдшер қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алматы қаласының Алатау ауданында 3 желтоқсан күні шамамен 00:40-та жедел жәрдем көлігі мен Kia маркалы жеңіл көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жолайрықта бұрылыс жасау кезінде жедел жәрдем көлігі Kia көлігімен қақтығысқан.
Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары түрлі дене жарақатын алған. 23 жастағы жедел жәрдем қызметкері бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.
Қазіргі уақытта қазаға әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Related

Алматыда 23 жастағы фельдшер қаза тапты · Todayinfo