Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда "әлеуметтік эксперимент" кезінде еңбек адамына тіл тигізген азамат 10 тәулікке қамалды

Алматыда "әлеуметтік эксперимент" түсіремін деп көше тазалаушыны қорлаған азамат 10 тәулікке қамалды. Полиция жедел әрекет етіп, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Алматыда "әлеуметтік эксперимент" түсіру сылтауымен қоғамдық тәртіпті бұзып, көше тазалаушыны қо

By Айғаным Нариманова··2 min read
Алматыда "әлеуметтік эксперимент" кезінде еңбек адамына тіл тигізген азамат 10 тәулікке қамалды

Алматыда "әлеуметтік эксперимент" түсіремін деп көше тазалаушыны қорлаған азамат 10 тәулікке қамалды. Полиция жедел әрекет етіп, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Алматыда "әлеуметтік эксперимент" түсіру сылтауымен қоғамдық тәртіпті бұзып, көше тазалаушыны қорлаған азамат жергілікті сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауғаалынды. Бұл туралы Almaty қалалық соты ресми хабарлады.

Видеода ер адам мен жүкті әйел қасақана қоқыс лақтырып, тазалық қызметкерін балағаттап, кемсітіп сөйлегені, кейін бұл әрекетті "пранк" деп ақтап, жәбірленушіден кешірім сұрағаны бейнеленген.

Видео жарияланған соң әлеуметтік желі қолданушыларының қатты наразылығын туғызды. Пікір қалдырушылар еңбек адамдарын мазақ етуге жол берілмейтінін, мұндай "эксперименттер" қоғамдық мораль мен адамгершілікке жат екенін атап өтті.

Полиция қатысушылардың жеке басын анықтап, материалдарды сотқа жолдады.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыбұл істі қарап, видеодағы Т есімді азаматты ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі (қоғамдық тәртіпті бұзу) бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алужазасын тағайындады.

“Сотта Т кінәсін толық мойындады. Видео дәлел ретінде қаралды”, – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жағдай қоғамда еңбек адамдарының қадірі мен абыройы туралы қызу пікірталас тудырды. Мамандар мұндай "пранк" түріндегі әрекеттердің қоғамдық санаға кері әсер ететінін, әрі адамгершілік пен заң шеңберінен шығатынын атап өтті.

Related

Алматыда "әлеуметтік эксперимент" кезінде еңбек адамына тіл тигізген азамат 10 тәулікке қамалды · Todayinfo