«Қарт ана 101 жаста, биыл маусым айында Алла бұйыртса 102 жасқа толады. Созылмалы ауру дерлік жоқ. Тексеру кезінде де ағзасында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Оның тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. Ол немерелері мен шөберелерінің қасына үйіне оралады», - деді Алматы қалалық № 7 клиникалық аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі Рамазан Әскеров.
Алматыда дәрігерлер 101 жастағы әжейдің жамбас сүйегіне имплант салды
Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың травматологтары 101 жастағы науқасқа сәтті ота жасады, деп хабарлайды Todayinfo. Қария жамбас сүйегінің тірегі сынуымен №7 қалалық ауруханаға шұғыл түрде түскен. Тексеруден кейін анестезиолог – реаниматолог, кардиолог, терапевт ж

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың травматологтары 101 жастағы науқасқа сәтті ота жасады, деп хабарлайды Todayinfo.
Қария жамбас сүйегінің тірегі сынуымен №7 қалалық ауруханаға шұғыл түрде түскен. Тексеруден кейін анестезиолог – реаниматолог, кардиолог, терапевт және травматолог дәрігерлердің консилиумы жабық түрде сүйекті орнына салу отасын жасап, тез оңалып кетуге мүмкіндік беретін заманауи имплант орнатуға шешім қабылдады. Анестезиологиялық препараттар таңдалды.Ота ойдағыдай өтті, егде жастағы пациент үйіне шығарылды.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·