Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда Есентай өзенінің жағалауында серуендеу аймағы пайда болады

Есентай өзені жағалауының 6850 шаршы метр аумағы көгалдандырылып, серуендеу аймағы пайда болады. Алматы қаласы Жетісу ауданында күрделі жөндеу аясында Есентай өзенінің жағасында, Черновицкая көшесінің бойында Самырсын көшесіне дейін жағалау салу жұмыстары басталды. Жағалаудың жал

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Алматыда Есентай өзенінің жағалауында серуендеу аймағы пайда болады
Есентай өзені жағалауының 6850 шаршы метр аумағы көгалдандырылып, серуендеу аймағы пайда болады.

Алматы қаласы Жетісу ауданында күрделі жөндеу аясында Есентай өзенінің жағасында, Черновицкая көшесінің бойында Самырсын көшесіне дейін жағалау салу жұмыстары басталды. Жағалаудың жалпы ұзындығы - 1200 метр.

Реконструкциялау аясында өзен арнасын тазарту жүргізіледі, сондай-ақ серуендеу аймағы құрылады. Жаңа қоғамдық кеңістікте 3700 шаршы метр төсеніш төсеу, 230 шаршы метр тұрақ орнату, сондай-ақ 6850 шаршы метр жерді көгалдандыру жоспарда. Сондай-ақ ұзындығы 1,2 шақырым болатын 120 жарықтандыру тірегі орнатылады. Келушілердің жайлылығы үшін 50 орындық пен қоқыс жәшігі қойылмақ. Осылайша 2 ыңғайлы санитарлық торап орнатылады.

Балалар мен спорт алаңдары бар жаңа қоғамдық кеңістік құру, скейт алаңын, жаяу жүргіншілер жолдарын және өзен жағасында демалу мүмкіндігі бар алаңды жайластыру жобаның маңызды бөлігі. Әткеншек, сырғанақ және өрмелеу сияқты ашық ойын элементтері баланың моторикасы мен физикалық белсенділігін арттырады.

Көпір өткелдерін қайта құру жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін қауіпсіздік пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Тротуарлар мен велосипед жолдарын орнату қарастырылған, автоматты суару да салынады.

Жаңа қоғамдық кеңістік өзен жағасын қала аумағындағы бірегей табиғи саябаққа айналдырады. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың екінші тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Related

Алматыда Есентай өзенінің жағалауында серуендеу аймағы пайда болады · Todayinfo