Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы «СК 7 строй» ЖШС атты құрылыс лицензиясынан айырылған компания туралы хабарлады, деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі. Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Соның ішінде №112 жалпы білім берет
Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы «СК 7 строй» ЖШС атты құрылыс лицензиясынан айырылған компания туралы хабарлады, деп жазады
Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Соның ішінде №112 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қосалқы құрылыс салу және Әуезов ауданындағы абаттандыру жобалары бар.

Барлық нысанда жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, оның нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормалардың талаптарын сақтамау деректері анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша «СК 7 Строй» ЖШС-не әкімшілік шаралар қолданылып, оның құрылыс қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.