Todayinfo.kz
ОқиғаларView all articles

Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото: Nur.kz Бүгін, 13 қаңтарда Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты болды. Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Оқиғаның мән-жайын NUR.KZ тілшісіне Алматы полициясы хабарлады. Жол

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: Nur.kz Бүгін, 13 қаңтарда Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты болды. Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Оқиғаның мән-жайын NUR.KZ тілшісіне Алматы полициясы хабарлады. Жол апаты бүгін сағат 17:50-де Бостандық ауданында болған.
«11-ші троллейбустың жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта Байтұрсынов көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншіні, 2003 жылы туған жас жігітті қағып кеткен. Өкінішке қарай, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қымыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Related

Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті · Todayinfo