Алматыда Бас ботаникалық бақ аумағында аққуды мойынан ұстап, қылғындырған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы бастың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.
Полиция бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушыны бір тәулік ішінде анықтап, ұстады.
«Құқық бұзушы 1983 жылы туған азамат болып шықты. Алматы соты ер адамды 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды», - деп жазылған хабарламада.
Бас ботаникалық бақтың хабарлауынша қазір аққудың жағдайы жақсы, оның жағдайын орнитолог мамандар бақылауда ұстап отыр.
«Бұған дейін біз адамдардың, әсіресе кішкентай келушілердің қауіпсіздігі үшін аққулы тоғанның маңына шағын қоршау орнатуды жоспарлаған едік. Енді біз мұндай қоршаудың жануарларды адамдардан қорғау үшін де қажет екеніне көз жеткіздік», - деп мәлімдеді ботаникалық бақтың мамандары.
Еске сала кетейік, 5 тамызда әлеуметтік желіде ер адамның аққуды мойнынан ұстап алған сәті түсірілген видео жарияланды. Оқиға куәгерлері ескерту жасағанымен, жауап ретінде былапыт сөздер естіген. Бұл әрекет қоғам арасында наразылық туғызды.
Фото: скрин



