«Маған сабақтан кейін осында келіп, сырғанау қатты ұнайды. Үйіме жақын жерде мұз айдыны болса екен деп көптен армандаған едім. Қазір мен мәнерлеп сырғанаудың кейбір элементін үйреніп алдым, тіпті артқа сырғанай аламын. Қазір достарыммен бірге жаңа элементтерді: айналу мен спиральды үйреніп жүрміз. Кешке келсеңіз керемет, гирляндалар жанып тұрады, бәрі өте әдемі әрі ерекше атмосфера береді», – деді «Жас Қанат» шағын ауданының тұрғыны Арман Батыров.Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жалпы 40 көркейту жобасы жоспарланған. Бағдарламаның тиімділігін және тұрғындардың белсенділігін ескере отырып, 2024 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаев қаржыландыруды 18,8 млрд теңгеге дейін арттырды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге көп. Осылайша, алматылықтарға аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді, спорт және балалар алаңдарын құруға арналған 364 жобаны ұсыну мен жүзеге асыру мүмкіндігі берілді.
Алматыдағы мұз айдыны: жаңа сквер «Жас Қанат» шағын ауданы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды
Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын ауданында қараусыз қалған аумақ жайлы қоғамдық кеңістікке айналды. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Todayinfo. Сквер аумағында кешенді жұмыстар жүргізілді: асфальт пен кеспе тас төселді, көшеге

Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын ауданында қараусыз қалған аумақ жайлы қоғамдық кеңістікке айналды. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Сквер аумағында кешенді жұмыстар жүргізілді: асфальт пен кеспе тас төселді, көшеге жарықтандыру элементтері, автоматты суару жүйелері, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Сонымен қатар, автотұрақ орындары жабдықталып, арық жүйесі жүргізілді. Алдағы маусымда жас көшеттер отырғызу жоспарланып отыр, бұл скверді одан әрі жасыл желекке айналдырып, жайлы ете түседі.
Жаңа кеңістіктің басты ерекшелігі – ауданы 450 м² болатын мұз айдыны. Жаз мезгілінде ол ролик тебуге арналған алаңға айналмақ. Мұз айдыны жергілікті тұрғындардың, әсіресе балалардың көңілінен шықты. Олар бұл жерде уақытын қызықты өткізуде.
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·