Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыдағы жүгіру жарысы кезінде ажал құшқан ақсақал туралы тың мәліметтер жарияланды

Бүгін Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушы көз жұмған еді. Олар 84 жастағы Аққоян Ырысалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади. Екеуі де 21 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтпек болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жарыс кезінде жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Алматыдағы жүгіру жарысы кезінде ажал құшқан ақсақал туралы тың мәліметтер жарияланды
Бүгін Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушы көз жұмған еді. Олар 84 жастағы Аққоян Ырысалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади. Екеуі де 21 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтпек болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жарыс кезінде жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Todayinfo. Марқұм Аққоян Ырысалиев Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тұрғыны. Ол спорт саласында сыйлы азамат болатын. 2011 жылдан бері әлемнің түрлі елдерінде өткен 18 марафонға қатысқан. Ондаған марапаттың иегері, артынан ерген жастардың үлгі тұтар тұлғасына айналған. Марафон ұйымдастырушылары мен қала билігі марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасатындарын жеткізді. Оқиғаға байланысты тиісті органдар тергеу жұмыстарын бастады.

Related

Алматыдағы жүгіру жарысы кезінде ажал құшқан ақсақал туралы тың мәліметтер жарияланды · Todayinfo