Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақордада То Ламды қарсы алу рәсімі өтті

Ақорда резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Салтанатты шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-б

By Айғаным Нариманова··1 min read
Ақордада То Ламды қарсы алу рәсімі өтті
Ақорда резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Салтанатты шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, ресми амандасты. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің – Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Бұл сапар Вьетнам мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға бағытталған. Қарсы алу рәсімі – тараптар арасындағы достық пен әріптестікті нығайтудың бір белгісі. Алдағы уақытта қос тараптың сауда, инвестиция, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларында әріптестікті тереңдету мәселелері талқыланбақ.      

Related

Ақордада То Ламды қарсы алу рәсімі өтті · Todayinfo