Todayinfo.kz
PoliticsView all articles

АҚШ НАТО-дан шыға ма? Конгресске ресми заң жобасы түсті

Әлемдік қауіпсіздік жүйесінде күтпеген жағдай орын алуы мүмкін. Америка Құрама Штаттарының Солтүстік Атлантикалық альянстан (НАТО) шығу мәселесі ресми түрде көтерілді. Тиісті құжат қазірдің өзінде Конгресс қарауына ұсынылған. Республикалық партияның өкілі, конгрессмен Томас Мэсси

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
АҚШ НАТО-дан шыға ма? Конгресске ресми заң жобасы түсті

Әлемдік қауіпсіздік жүйесінде күтпеген жағдай орын алуы мүмкін. Америка Құрама Штаттарының Солтүстік Атлантикалық альянстан (НАТО) шығу мәселесі ресми түрде көтерілді. Тиісті құжат қазірдің өзінде Конгресс қарауына ұсынылған.

Республикалық партияның өкілі, конгрессмен Томас Мэсси әріптестерінің талқылауына HR 6508 нөмірлі заң жобасын енгізді. Құжаттың негізгі мақсаты – Вашингтонның аталған әскери-саяси блокқа мүшелігін тоқтату.

Саясаткер өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл қадамын былай деп түсіндірді:

"НАТО – қырғи қабақ соғыстан қалған ескі жәдігер (реликт). АҚШ бұл ұйымнан шығып, қыруар қаржыны өзге социалистік елдерге емес, өз мемлекетіміздің қорғанысына жұмсауы керек".

"Гегемондық дәуір аяқталды"

Бұл бастама Ақ үйдің жақында жариялаған ұлттық қауіпсіздік стратегиясымен тұспа-тұс келіп отыр. Ресми құжатта Вашингтонның бұрынғыдай әлемдік тәртіпті жалғыз өзі реттейтін дәуірі аяқталғаны айтылған.

Жаңа стратегияға сәйкес, ендігі жерде АҚШ-тың одақтастары жауапкершілікті көбірек алып, ұжымдық қорғанысқа бөлінетін жарнаны (взносты) көбейтуі тиіс.

Альянсты не күтіп тұр?

Стратегия авторларының болжамынша, алдағы онжылдықта НАТО мүшелерінің басым бөлігі еуропалық мемлекеттер болмауы да мүмкін. Сонымен қатар, құжатта альянсты "үздіксіз кеңейе беретін блок" ретінде қабылдаудың қате екені ескертілген.

Егер Томас Мэссидің заң жобасы қолдау тапса, бұл Еуропа мен әлемнің қауіпсіздік картасын түбегейлі өзгертуі ғажап емес.

Related

АҚШ НАТО-дан шыға ма? Конгресске ресми заң жобасы түсті · Todayinfo