Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақша бопсалаған тағы бір блогер ұсталды

Атырау облысында блогер жол құрылысы саласында жұмыс істейтін мердігер компания өкілінен 30 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Todayinfo . 29 қазанда жол-құрылыс компаниясының қызметкері облыстық полиция департаментіне арыз түсірген. Оның айтуынша, белгісіз ер адам өзін «б

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Ақша бопсалаған тағы бір блогер ұсталды

Атырау облысында блогер жол құрылысы саласында жұмыс істейтін мердігер компания өкілінен 30 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Todayinfo.

29 қазанда жол-құрылыс компаниясының қызметкері облыстық полиция департаментіне арыз түсірген. Оның айтуынша, белгісіз ер адам өзін «блогер әрі азаматтық белсенді» ретінде көрсетіп, 30 миллион теңге беруді талап еткен.

Арызданушының мәлімдеуінше, күдікті оған қысым көрсетіп, егер талабын орындамаса, әлеуметтік желілерде компанияның беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратамын деп қорқытқан.

«Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1982 жылы туған ер адам анықталып, ұсталды. Ол қажетті тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Бұл дерек бойынша ірі көлемде бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, істің барысы Атырау облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Фото: Freepik

Related

Ақша бопсалаған тағы бір блогер ұсталды · Todayinfo