Todayinfo.kz
RegionsView all articles

Ақтау әкімдігінің алдында өзін өртеген жігіт ауруханада қайтыс болды

Фото: anhor.uz Ақтаудағы әкімдіктің алдында өзінің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген жігіт ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Облыс әкімімен кездесе алмаған ер адамның оқыс оқиғасы 5 желтоқсан күні орын алған еді. Lada.kz мәліметінше, ер адам әкімдік ғ

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Ақтау әкімдігінің алдында өзін өртеген жігіт ауруханада қайтыс болды
Фото: anhor.uz Ақтаудағы әкімдіктің алдында өзінің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген жігіт ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Облыс әкімімен кездесе алмаған ер адамның оқыс оқиғасы 5 желтоқсан күні орын алған еді. Lada.kz мәліметінше, ер адам әкімдік ғимаратына кіріп, облыс әкімімен кездесуді талап еткен. Оны аудан әкімдігі қабылдағанмен, тұрғынң оның жауабына қанағаттанбай, өзін өртеп жіберген. Ақтау тұрғыны шұғыл ауруханаға жатқызылды. Соңғы рет денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы туралы 16 желтоқсанда хабарлаған болатын. Ол кезде жағдайының ауыр екені, жасанды тыныс алуға жалғанғаны айтылды. Аталмыш басылым ер адамның ауруханада 18 желтоқсан күні кешкі уақытта қайтыс болғанын хабарлады. Алайда, аурухана да, денсаулық сақтау басқармасы да ақпаратты растаған жоқ, алайда жоққа шығарған да жоқ.

Related

Ақтау әкімдігінің алдында өзін өртеген жігіт ауруханада қайтыс болды · Todayinfo