Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Ақтауда 5 баланың әкесі 13 жасар қызды зорлаған

Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды . Оның айтуынша, күдікті 5 баланың әкесі. "Біз бұл оқиғаның мән-жайын білгенде төбе шашымыз тік тұрды. Мен оған жасағанының бәрін ұмытқым келеді. Қыздың өзі эпилепсиямен ауырады, туы

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Ақтауда 5 баланың әкесі 13 жасар қызды зорлаған
Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, күдікті 5 баланың әкесі.
"Біз бұл оқиғаның мән-жайын білгенде төбе шашымыз тік тұрды. Мен оған жасағанының бәрін ұмытқым келеді. Қыздың өзі эпилепсиямен ауырады, туыстары мен ата-анасының арқасында сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қазірдің өзінде бірнеше сот отырыстары өтті. Сот отырысында күдіктінің адвокаты Қалмұхашев Серікбол қыздың анасын ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытқан. Адвокат секілді күдіктінің өзі де зорлық-зомбылық туралы ешкімге айтпау үшін қызды бопсалаған", - деп жазды Дина Таңсәрі.
Айыптау актісінің мазмұны тек ер адамның зорлық-зомбылық әрекеттеріне негізделген.
"Ол оны зорлады! Тіпті оральді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бәріне дәлел бар, биоматериалдар жиналды. Зорлаған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді қоғам белсендісі.  
 
 

Related

Ақтауда 5 баланың әкесі 13 жасар қызды зорлаған · Todayinfo