Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақтауда ер адам жағалауда қыз зорламақ болған жерінен ұсталды

Оқиға Ақтаудың теңіз жағалауында, кешкі уақытта болған, деп жазады Todayinfo ақпарат порталы Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Бейнежазбада белгісіз ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті көрінеді. Қыздың айқайын естіген адамдар жүгіріп барып, қылмыскерді ұст

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Ақтауда ер адам жағалауда қыз зорламақ болған жерінен ұсталды
Оқиға Ақтаудың теңіз жағалауында, кешкі уақытта болған, деп жазады Todayinfo ақпарат порталы Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Бейнежазбада белгісіз ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті көрінеді. Қыздың айқайын естіген адамдар жүгіріп барып, қылмыскерді ұстап алған. Полиция келгенше ашуланған адамдар оны өздері ұрып, жазалаған. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті 11 наурызда болған бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Видеодағы зорлау әрекетіне байланысты бірден қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу аяқталып, іс айыптау қорытындысымен бірге сотқа жолданды», – делінген хабарламада.

Related

Ақтауда ер адам жағалауда қыз зорламақ болған жерінен ұсталды · Todayinfo