«Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Біздің басты басымдығымыз – ұшу қауіпсіздігі», – делінген авиакомпания таратқан хабарламада.Қазіргі уақытта барлық жолаушы орналастырылып, жағдай бақылауға алынған. Фото: FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Ақтауда FlyArystan ұшағы ұшпай, жолаушылар әуежайдың еденінде қонған
Ақтау – Алматы бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының FS 7178 рейсі бірнеше мәрте шегеріліп, жолаушылар Ақтау әуежайында қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың кешігуіне ұшқыштың болмауы себеп болған. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады, деп жазады Todayinfo. Жолаушылар әуежайдағы к

Ақтау – Алматы бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының FS 7178 рейсі бірнеше мәрте шегеріліп, жолаушылар Ақтау әуежайында қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың кешігуіне ұшқыштың болмауы себеп болған. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады, деп жазады Todayinfo.
Жолаушылар әуежайдағы күту жағдайына наразылық білдіріп, бірнеше сағат бойы суық жерде отырғандарын айтты. Әлеуметтік желілерде жарияланған шағымдарға сәйкес, жолаушыларға қажетті ақпарат берілмеген, жағдай жасалмаған.
Оқиға резонанс тудырып, әуежайға полиция қызметкерлері шақырылды. Рейс бастапқыда түнгі 02:05-те ұшуы тиіс болған, алайда кейін 06:45-ке, одан соң 22:30-ға шегерілген.
FlyArystan баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстің кешігуіне «ұшақтың кеш келуі» мен «өндірістік қажеттіліктер» себеп болған. Компания жолаушыларға сусын мен тамақ ұсынылғанын, ал 23 адамға сағат 09:30-дан бастап қонақүйге орналастыру мүмкіндігі берілгенін хабарлады. Сонымен қатар, билет иелеріне қайта броньдау немесе ақшаны толық қайтару мүмкіндігі ұсынылған.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·