Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының өкілдері 1 млрд теңге жымқырған

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезінде алаяқтық жасалған, деп хабарлайды Todayinfo. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалып, асыл тұқымды ірі қара

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Ақтөбеде шаруа қожалықтарының өкілдері 1 млрд теңге жымқырған
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезінде алаяқтық жасалған, деп хабарлайды Todayinfo. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен несиелік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.  

Related

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының өкілдері 1 млрд теңге жымқырған · Todayinfo