Ақтөбеде әскери оқу кезінде қаза тапқан курсант полковниктің ұлы болып шықты
Фото: Shutterstock Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты Бақыт Асарбаев 15 шілде күні оқу-жаттығу парашюттік секіруі кезінде көз жұмды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Әскери институттың мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша, курсанттың пара

Фото: Shutterstock
Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты Бақыт Асарбаев 15 шілде күні оқу-жаттығу парашюттік секіруі кезінде көз жұмды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Әскери институттың мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша, курсанттың парашюті ашылмаған. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Telegram-арна Halyqstan-ның хабарлауынша, Бақыт Асарбаев биыл тамыз айында 19 жасқа толуы тиіс еді. Ол әскери институттың екінші курсында білім алып жатқан. Курсант әскери отбасында тәрбиеленген: әкесі — Астанадағы әскери бөлімдердің бірінде полковник шенінде қызмет етеді. Сонымен қатар, марқұмның бірнеше туысы да әскери салада еңбек етеді.
Қорғаныс министрлігі Бақыт Асарбаевтың денесін елордаға жеткізуді өз мойнына алды және марқұмның отбасына қажетті қолдаулар көрсетілетінін мәлімдеді. Қорғаныс министрі Дәурен Косанов қаза тапқан курсанттың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Астанадағы авиациялық базада тағы бір әскери қызметкер ауыр жарақат алғаны хабарланған. Бұл оқиға қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан болғанын ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі растады.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·