Ақтөбеде жолаушылар пойызының Ақтөбе учаскесіндегі бастығы кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Қайғылы оқиға қаланың ескі бөлігіндегі Кереев көшесінде болған. Марқұм сол күні демалыста жүрген.
Облыстық ПД мәліметінше, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс адам өлтіру бабымен тергеліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда, өзге ақпарат жария етілмейді.




